Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумы басталды

Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумы басталды
Сурет: Darakchi.uz

Саяси ұйымдар бірлесіп жатыр.

Елордада кезектен тыс Президент сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалицияның форумы басталды. Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетейік, AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде партия басшысы – ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов еліміздегі бірқатар партиялар мен саяси бірлестіктер Президенттікке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып отырғанына тоқталған еді.

«Осы орайда біз сол саяси ұйымдармен бірлесіп, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция құру жөніндегі келісімге келдік. Түстен кейін осы ғимаратта Мемлекет басшысының қатысуымен үлкен форум өтеді. Соған бәріміз қатысамыз. Баршаңызды Әділетті Қазақстан құру жолындағы игі бастамаларды іске асыру үшін жұдырықтай жұмылуға шақырамын», - деген еді партия төрағасы.