Тоқаев Талдықорғанға барды

Тоқаев Талдықорғанға барды
Сурет: Akorda.kz

Президент өңірдегі бірқатар мәдени, туристік, өндірістік нысанды аралайды.

Мемлекет басшысы Жетісу облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар аясында Президент өңірдегі бірқатар мәдени, туристік, өндірістік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласындағы тұрғын үй құрылысының жай-күйімен және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысады.