Тоқаев Қырғызстанға барды

Тоқаев Қырғызстанға барды
Сурет: Akorda.kz

Қазақстан басшысын Ақылбек Жапаров қарсы алды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше елдердің мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Қырғызстан Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын Бішкек халықаралық әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.