Саяси қуғын-сүргін материалдары басып шығарылады

Саяси қуғын-сүргін  материалдары басып шығарылады
Сурет: Martebe.kz

Бұл туралы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында айтылды.

Саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеу материалдарын басып шығаруға мүмкіндіктер беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мемлекеттік комиссия отырысында архивтерден табылған ғылыми-зерттеу еңбектерді жаһандық цифрлық кітапханаға енгізуге, көркем-публицистикалық шығармаларды ынталандыру жөніндегі арнайы жобаларды іске асыруға назар аударылды.

Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік комиссияның қызметін ақпараттандыру мәселесінде ғылыми негізділік пен тарихи объективтілікті қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша, ел Үкіметіне, өңірлердің әкімдеріне ақпараттық жұмыста Мемлекеттік комиссияның стратегиялық басымдықтарын қамтамасыз етуге және баспа қызметін кеңейтуге бағытталған тапсырмалар берілді.