Тоқаев хостелде қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

Тоқаев хостелде қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылды", - деп жазылған хабарламада.

Бүгін Алматыда хостелдердің бірінен өрт шығып, 13 адам қайтыс болды. Кейіннен қаза тапқан марқұмдардың қай елдің азаматтары екені айтылды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, хостелдің рұқсат құжаты болмаған. 13 адамның өмірін қиған өртті тексеруге үкіметтік комиссия құрылды.