Тоқаев: Экономикамыз санкциялық сын-тегеуріндерді тойтаруға дайын болуы тиіс

Тоқаев: Экономикамыз санкциялық сын-тегеуріндерді тойтаруға дайын болуы тиіс
Сурет: Focus.ua

Олардың күрделі екендігін елемеуге болмайды.

Экономикамыз санкциялық сын-тегеуріндерді тойтаруға дайын болуы тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Мен Қауіпсіздік кеңесінде бірқатар жұмыс жиналысын өткіздім. Үкімет алдына санкциялық текетірестің қатты ушығуы жағдайында елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар жүктедім. Дағдарысты жағдайда үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін экономикамыз санкциялық сын-тегеуріндерді тойтаруға дайын болуы тиіс. Меніңше, бәрімізге бірге келешек сын-тегеуріндер мен қиындықтарды еңсеретін боламыз. Олардың күрделі екендігін елемеуге болмайды. Бірақ асыра сілтеудің де қажет жоқ», - деді Мемлекет басшысы AMANAT партиясының кезектен тыс съезінде.