Мәжіліс депутаттарының жұмысында жаңа стиль пайда болды - Президент

Мәжіліс депутаттарының жұмысында жаңа стиль пайда болды - Президент
m.azh.kz

Депутаттар жұмысында жаңа стиль мен мазмұн пайда бола бастады. Бұл туралы AMANAT партиясының съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды  almaty-akshamy.kz

«Қажет болғанда, Үкіметтің нақты мүшелері мен әкімдерге қатысты сенім мәселесін көтеру керек. Барлық деңгейдегі партия депутаттарының рейтингі бәрінен бұрын дайындалған есептерге емес, нақты істерге, азаматтардың проблемаларын шешуге негізделуі тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев партияның кезектен тыс съезінде.

Президенттің сөзіне қарағанда, барлық сайлау округтерінде фракциялар депутаттары арасынан кураторлар бекіту қажет. Бұл қадам олардың жауапкершілік аумағын кеңейтуде маңызды.

«Жақында Мәжіліс депутаттары өңірлердегі сапарларынан оралды. Мен бұл жұмыстың барысын байқап отырдым. Осы орайда депутаттар жұмысында жаңа стиль мен мазмұн пайда бола бастады, оның барлығы көрініп тұр. Формалды отырыстар саны азайып, сайлаушылармен тікелей кездесулер көбейді. Депутаттар жергілікті жерлердегі азаматтардың нақты проблемаларын зерделей бастады. Осындай қадамдарды барынша нығайтып, дамыта түсуіміз керек», - деді Мемлекет басшысы.