Тоқаев БҰҰ-мен өзара іс-әрекет бойынша ұзақмерзімді тәсілдерді әзірлеуді тапсырды

Тоқаев БҰҰ-мен өзара іс-әрекет бойынша ұзақмерзімді тәсілдерді әзірлеуді тапсырды
Сурет: Inform.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған Тұрақты өкілі Ақан Рахметуллинді қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу барысында Президент Біріккен Ұлттар Ұйымымен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақан Рахметуллинге БҰҰ күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселеге қатысты жұмыстарды белсенді жалғастыруға және осы әмбебап ұйыммен өзара іс-әрекет бойынша жаңа әрі ұзақ мерзімді тәсілдерді әзірлеуге бағытталған бірқатар нақты міндеттер жүктеді.