Тоғыз өңірге дауылды ескерту жарияланды

Тоғыз өңірге дауылды ескерту жарияланды
Сурет: интернеттен

Кей аумақта қатты жел тұрып, қалың тұман болады.

"Қазгидромет" РМК 18 наурызда Қазақстанның бірқатар өңіріне дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, сондай-ақ Қарағанды қаласында да тұман болады деп күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында  15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман тұсуі ықтимал. Орал қаласында да түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, орталығында көктайғақ болуы ықтимал. Түнде өңір орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Атырау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Күндіз Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

Жетісу облысының Алакөл ауданында соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.