Бүгінгі ауа райы болжамы

Бүгінгі ауа райы болжамы
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Еліміздің басым бөлігінде  ауа райы жауын-шашынсыз.

"Қазгидромет" РМК мамандары 18 наурызға арналған синоптикалық жағдай мен Қазақстан аумағындағы ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжаммен бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"ҚР басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, атап айтқанда, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп болжанады. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі сынды ортақ табиғи құбылыс байқалады, ал батыс өңірде көктайғақ, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады деп күтіледі", делінген "Қазгидромет" РМК ұсынған болжамда.