Тоғыз айлық бала емізікті жұтып қойды

Тоғыз айлық бала емізікті жұтып қойды
Сурет: Жамбыл облыстық балалар ауруханасы

Жамбыл облыстық балалар ауруханасының хирург дәрігерлері тоғыз айлық баланың ішегінен емізік алып шықты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауруханаға жедел жәрдем көлігімен 9 айлық нәресте ауыр халде жеткізілген. Анасының айтуынша, бала үйінде ойнап жүріп, кенеттен есінен танып құлап, басынан жарақат алған. Біршама уақыттан кейін нәрестеде лоқсу, көпреттік құсу пайда болып, ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлер шағымдарды ескере отырып, 9 айлық баланы бас-ми жарақаты диагнозымен нейрохирургия бөлімшесіне жатқызады. Бірақ қаншама ем-дом жүргізілсе де, нәрестеден өзгерістер байқала қоймаған соң, оны жедел түрде хирургтар да қарап, арнайы инструментальды зерттеу жүргізіп, нәрестенің ішегінен емізік алып шығып сәбиді аман алып қалды.