Тимур Құлыбаев қазақстандықтарды Спорт күнімен құттықтады

Тимур Құлыбаев қазақстандықтарды Спорт күнімен құттықтады
сурет: Olympic.kz

ҰОК президенті Тимур Құлыбаев спорттағы қадамын енді бастаған жастарды құттықтап, жаңа рекордтар мен жеңістер тіледі.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев қазақстандықтарды Спорт күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгінде спорт әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды бөлшекке айналды. Салауатты өмір салтын ұстанатындар саны артып, біздің олимпиадашыларды қолдайтын жанкүйерлер қатары көбеюде.
Спорттың мықты мінез бен төзім қалыптастырудағы, алға қойған мақсатқа жету жолындағы маңызын айтпай кетуге болмайды. Сондықтан, көптеген жастар өзінің мүмкіндігін пайдалану үшін спортқа қадам басуда.
Ұлттық Олимпиадалық комитет барлық атлеттер мен бапкерлерді, спорт саласындағы жұмыс істейтін барша қызметкерерді және спорттағы қадамын енді бастаған жастарды құттықтап, жаңа рекордтар мен жеңістер тілейді», - делінген құттықтау жеделхатында.