Бекшин Instagram-да аккаунт ашты

Бекшин Instagram-да аккаунт ашты
сурет: Tengrinews.kz

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Instagram-да аккаунт ашты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазіргі таңда халық ақпаратты әлеуметтік желілерден алады, сондықтан мен сіздермен қаламыздың эпидемиологиясы, ауру жұқтыру және қиындықтар туралы барлық ақпаратты Instagram-да бөлісемін», – деді Жандарбек Бекшин парақшаға жариялаған алғашқы видеосында.

Еске салайық, Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша «қоңыр-қызыл» аймақта орналасқан.