Тимур Құлыбаев ірі мұнай трейдеріндегі үлесінен бас тартты

Тимур Құлыбаев ірі мұнай трейдеріндегі үлесінен бас тартты
Сурет: Kazenergy.com

Құлыбаевтың мұндай шешім қабылдауына не себеп болғаны айтылмады. 

Қазақстандық кәсіпкер Тимур Құлыбаев қытайлық CNPC компаниясының бақылауындағы мұнай және мұнай өнімдерінің ірі трейдері «Petrosun» ЖШС-дегі 49% үлесін мемлекеттік энергетикалық компанияға тапсырды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтема жасап. 

Скляр Құлыбаевтың мұндай шешім қабылдауына не себеп болғанын айтпады. 

Ескере кететін жайт, «Petrosun» ЖШС қазақстандық мұнайдың басым бөлігін нарыққа шығарар алдында сатып алып, өңдеумен айналысады.