Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездеседі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездеседі
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Кездесу аудандағы Мәдениет үйінде өтеді

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев алдағы күндері Түрксіб ауданының халқымен кездеседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2022 жылғы 30 маусымда сағат 9.00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен Майлин көшесі, 42 мекенжайында орналасқан Мәдениет үйінде кездеседі.

https://2gis.kz/almaty/geo/9429940001690153 

Кіру еркін. Арнайы аккредиттелу қажет емес.

Кездесуді онлайн режимінде «Алматы» телеарнасының Youtube-тағы парақшасында және Түрксіб әкімдігінің Facebook-тегі парақшасында көруге болады:
1) https://www.youtube.com/c/AlmatyUS 
2) https://www.facebook.com/%D0%A2%D2%AF%D1%80%D0%BA%D1%81%D1%96%D0%B1-%D0%B0%D1%83%D0%B4%D0%B0%D0%BD%D1%8B-%D3%99%D0%BA%D1%96%D0%BC%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3-%D0%B0%D0%BF%D0%BF%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%82%D1%8B-110930231623090 

Бұл - қала әкімнің тұрғындарымен сегізінші кездесуі. Жыл соңына дейін барлығы 24, яғни әрбір 8 ауданның тұрғындарымен тоқсанына кемінде бір кездесу өтеді.