Тілендиев көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды

Тілендиев көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды
Almaty-akshamy.kz

Жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындыларына сәйкес орташа жөндеу жоспарына Тілендиев көшесінің Сәтпаев көшесінен Төле би көшесіне дейінгі ұзындығы 1,7  шақырым учаскесі енгізілді. 

24 тамыз сағ.23:00-ден 25 тамыз 06:00-ге дейін жол жабынына орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Тілендиев көшесінің бойымен Сәтпаев көшесінен Абай даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен жабылады. 

Жабық учаскені Сәтпаев көшесі, Брусиловский көшесі және Абай даңғылы арқылы айналып өтуге болады. 

Жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жоғарыда аталған көше учаскесінде патрульдік полиция полкінің 2 экипажы жұмылдырылатын болады.

Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы жол (https://t.me/AlmatyJoly) телеграм арнасында, сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.

Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.