TikTok платформасы осы күзде Қазақстаннан өкілдігін ашады

TikTok платформасы осы күзде Қазақстаннан өкілдігін ашады
Сурет: Verticalvideoportal.ru

TikTok кеңсесі Астана мен Алматыда орналасады.

Global Business Solutions (TikTok, Шығыс Еуропа) директоры Анастасия Панинаның Astana Media Week пленарлық сессиясы осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазіргі таңда көп жаңа контент пайда болып жатыр. Себебі Қазақстандағы аудитория шығармашыл, жұрт өзін жеткізу үшін платформаны пайдаланады. Платформа ретінде қауымдастығымызға жақынырақ болғымыз келеді. Сол себепті осы күзде Қазақстаннан өкілдігімізді ашамыз», – деді Анастасия Панина.

Сонымен қатар  платформа серіктестер мен бизнес өкілдері жұмыс істейді.