TikTok-қа тыйым салуға АҚШ жұртшылығы наразы

TikTok-қа тыйым салуға АҚШ жұртшылығы наразы
Сурет: Sb.by

АҚШ-та TikTok платформасына тыйым салу мүмкіндігіне қарсы шеру өтті.

Оған заң шығарушылар мен осы әлеуметтік желіде контент жасаушылар қатысқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«БайтДэнс» компаниясына тиесілі TikTok-ты 170 миллиондай америкалық қолданады. Оны алдағы жарты жылда сату туралы заң жобасы Конгресске ұсынылды. Ресми Вашингтон TikTok-ты Қытай үкіметіне америкалықтардың жеке мәліметтерін жібереді деп айыптады. Алайда, бұны жоққа шығарған қарсы жақ, сату туралы ұсынысты тыйымға теңеп отыр.