Тік ішектен «тас» шықты

Тік ішектен «тас» шықты
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының  №7 қалалық клиникалық ауруханасының проктологтары мен урологтарынан құралған көпбейінді бригадасы тік ішектің туа біткен ақауы – өте сирек кездесетін патологиясы  бар 33 жастағы науқасқа бірнеше хирургиялық операция жасап, бәрі сәтімен өткен. Бұл кең ауқымдағы бірегей және қиын операция деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Пациенттің артқы өтістің туа біткен бітеулігіне (тік ішек), 3-дәрежелі артқы өтіс сфинктердің жеткіліксіздігіне байланысты мүгедектігі бар. Бала кезінде екі рет проктопластика жасалған. Анальды сфинктердің болмауына байланысты дәрігерлер іштің алдыңғы қабырғасына циклдік сигмостома шығарды. Кейіннен ішекте жыланкөз пайда болды, ол алынып тасталды, бірақ ол қайталап шығады.

Науқастың айтуынша, кейінгі жылдары оның жағдайы қатты нашарлаған, аурудың асқынуы салдарынан  зәр тоқтамау, ішектің құрамы, шырыштың үнемі бөлінуі, қуықтың ауырсынуы пайда болған. Науқас зәрді тік ішек арқылы және ішінара қуық арқылы шығарады. Тұрғылықты мекенжайы  бойынша проктолог пен урологтың «Д» есебінде тұрады. Науқасына байланысты ол үйлену, отбасын құру  туралы армандай да алмады. Талай клиникаларға медициналық көмекке жүгінген, ешқандай нақты көмек болмаған. Сөйтіп №7 ҚКА-сының мамандарына келген.

«Операция алдындағы дайындықтан кейін біз уролог-әріптестерімізбен және анестезиологтармен бірге пациентті операцияға қабылдадық. Уретропластика. Қайта қарау. Параллельді түрде төменгі ампулярлы құрылымның комиссурасын бөлшектеу. Тас шығару. Тік ішек ақауын жөндеу. Тік ішектің пролапсты шырышты қабығынан артық шырышты шеңбер түрінде кесіп, сфинктеропластика жасадық. Бұл кезде уретральды жыланкөзді жергілікті сылу, адгезиялық процестің диссекциясы жасалды және тік ішектен «тас» алынды. Орын алған техникалық қиындықтарға қарамастан, шамамен 5 сағатқа созылған операция сәтті өтті. Науқас оңалту кезеңінде. Болашақта жамбас қабатының, анальды сфинктердің бұлшық еттерін нығайтумен айналысу керек», – деді №7 ҚКА колопроктология бөлімінің меңгерушісі Марат Қаленбаев.