Тереңқұрдағы су қоймасының жоғарғы бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды

Тереңқұрдағы су қоймасының жоғарғы бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды
Сурет: Sxodim.com

Бүгінгі таңда оны реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін Тереңқұрға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Медеу ауданы халқымен өткен кездесуінде айтылды.

Үнемі су басатын 7 орынды жою жұмыстары аяқталды. Қолданыстағы коллекторларға қосылған 273 м арық желілері реконструкцияланып, салынды, сондай-ақ өткелді салу жұмыстары да орындалды.

Сонымен қатар 31 көшенің (23,6 км) арық желісін салу және реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Барлық жұмыс 2024 жылдың IV-ші тоқсанында аяқталады.

Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының тиімділігін ескере отырып, Медеу ауданына қосымша 875 млн. теңге бөлінді.

Аталған қаражатқа 14 жобаны, оның ішінде аула аумақтарын жөндеу, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, балалар алаңдарын жайластыру және терең контейнерлер орнату жоспарлануда.