Теннистен ATP 250  турнирі тұңғыш рет Алматыда өтеді

Теннистен ATP 250  турнирі тұңғыш рет Алматыда өтеді
Сурет: Olympic.kz

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (AТP) Астанадан Алматыға бірінші ATP 250  турнирін ауыстыру туралы шешім қабылдады. 

АTP  сайтында жарияланған күнтізбеге сәйкес Almaty Open  2024 жылғы 13-20 қазан аралығында өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.  

«Алматы АТР 250 сериясымен өтетін турнирді қабылдау құқығына заңды түрде ие болып отыр, өйткені өткен ғасырдың 20-шы жылдары осы қалада Қазақстан теннисі дами бастады. 

Almaty Open тек ауқымды спорттық шара болып қана қоймай, сонымен қатар турнир өтетін Almaty Arena  аумағында мерекелік көңіл-күй орнатып, ерекше күш-қуат сыйлауға жәрдемдеседі», деп атап өтті Қазақстан теннис федерациясының президенті. 

ATP 250  жарысы – шынында да әлемнің 30 елінде өтетін ауқымды спорт оқиғаларының бірі.

Аталмыш санатқа 40 турнир кіреді, онда жеңгендер ATP рейтингісінде 250 ұпайға ие болады.

Алдағы Almaty Open ATP  турнирінің жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асады.