Теннисші Тимофей Скатов Чилидегі жарыстың финалында жеңілді

Теннисші Тимофей Скатов Чилидегі жарыстың финалында жеңілді
Сурет: Ашық дереккөз

Рекордтық көрсеткіш

Қазақстанның екінші, әлемнің 144-ракеткасы Тимофей Скатов Чилидегі Консепсьон ATP Challenger Tour турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Т.Скатов соңғы бәсекеде әлемнің 76-ыншы, осы жарыстың 1-ракеткасы, аргентиналық Федерико Кориамен бас жүлдені сарапқа салды.

Аргентиналық спортшы екі сағатқа жуық созылған матчта 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ол 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Т.Скатов 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Тимофей Скатов осы челлендж додасының финалына дейін жетуі арқасында бүгін жаңартылатын әлемдік рейтингте 129-орынға көтеріледі. Бұл ол үшін рекордтық көрсеткіш болмақ.