Теннисші Андрей Голубев Мюнхенде Олимпиада чемпиондарын ұтты

Теннисші Андрей Голубев Мюнхенде Олимпиада чемпиондарын ұтты
Сурет:Inform.kz

Турнирдің ширек финалына шықты.

Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Мюнхен (Германия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz cілтеме жасап.

Голубев франциялық Фабрис Мартенмен бірге алғашқы айналымда осы жарыстың 1-ракеткалары, Токио Олимпиадасының және 2021 жылғы Уимблдон турнирінің чемпиондары, хорватиялықтар Никола Мектич Мате Павичпен шеберлік байқасты. Қазақстандық-франциялық жұп сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Олар 1 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Андрей мен Фабрис жалпы жүлде қоры 600 мың еуроға жуықтайтын доданың жартылай финалына шығу үшін сербиялықтар Иван және Матей Шабановтармен таласады.