Телерадиода қазақ тілді контент көбейеді

Телерадиода қазақ тілді контент көбейеді
Сурет: интернеттен

Бұл талап «Масс-медиа туралы» заңға енгізіледі.

2025 жылдан бастап мемлекеттік тілдегі теле-радиобағдарламалар мен отандық өнім олардың жалпы көлемінің кемінде 55 пайызын, 2027 жылдан бастап 60 пайызын құрауы тиіс, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Шетелдік теле-радиоарналардың бағдарламаларын қайталап көрсету отандық арналардың апта сайынғы хабар тарату көлемінде 20 пайыздан 10 пайызға дейін қысқарады.

Сонымен қатар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктеріне мемлекеттік теле-радиоарналар өнімінің қоғамдық көлікте таратылуын қамтамасыз ету және бақылау құзыреті жүктеледі.