Техаста музыкалық фестиваль кезінде сегіз адам қайтыс болды

Техаста музыкалық фестиваль кезінде сегіз адам қайтыс болды
Cурет: Ашық дереккөз

Фестивалге 50 мыңға жуық адам жиналған

Техастағы Аstroworld музыкалық фестивалінде сегіз адам қайтыс болып, тағы бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы 6 қараша, сенбі күні Houston Chronicle жергілікті басылымы құқық қорғау органдарының мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.

Оқиғаның себебі әлі айтылмады, бірақ іс-шарада үлкен соққы болғандығы белгілі. Екі күндік фестиваль өз алаңында 50 мыңға жуық адамды жинаған. Оқиғаның екінші күні іс-шара тоқтатылды. 

Толқу 5 қарашада рэпер Травис Скотттың сахнаға шыққан сәтінде басталған. Порталдың хабарлауынша, Хьюстон қаласының өрт сөндіру бөлімінің бастығы Сэмюэл Пенья баспасөз мәслихатында оқиға туралы ақпаратты растады.