Тауық шаруашылығына 2,5 пайызбен бюджеттік несие беріледі

Тауық шаруашылығына 2,5 пайызбен бюджеттік несие беріледі
Сурет: ашық дереккөз

Кредитті 10 жылға алуға болады.

Биыл тауық шаруашылығымен айналысатын фермерлерге 2,5 пайызбен бюджеттік несие беру жоспарланған. Бұл туралы Үкімет кулуарында сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Министрдің айтуынша, қазір фермерлер ішкі нарықты тауық етімен 50-55 пайызға ғана қамтамасыз етіп отыр, бұл көрсеткішті көтеру қажет.

 «Ішкі нарықты қамтамасыз ету керек. Өткен жылы тауарлық сүт фермаларға 100 млрд теңге бюджеттік несие бердік. Биыл тауық етімен қамтамасыз ету үшін фермерлерге сондай бюджеттік несиені 2,5 пайызбен 10 жылға беру жоспары бар», – деді министр.

Серік Жұманғарин ішкі нарықты екі жылдың ішінде толығымен тауық еті, сүт өнімдері, балық, көкөністермен қамтамасыз ету жоспары бар екенін айтты.