Тау Самалында болған лай көшкініне байланысты Медеу ауданының әкімі түсініктеме берді

Тау Самалында болған лай көшкініне байланысты Медеу  ауданының әкімі түсініктеме берді
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыдағы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин Тау Самалы шағын ауданында лай көшкінінің орын алуына қатысты инженерлік желілердің жағдайына түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазір Тау-Самалы шағын ауданында  жеке сектордың коммуникацияларға қосылуы ретсіз әрі қауіпті. Жеке сектордағы көптеген тарату желілері стандарттарға сәйкес келмейді. Жақын арада бұл мәселені шешу үшін біз өткен жылдан бастап тарату желілерін салу бойынша жобаны әзірлеуге кіріскен болатынбыз. Біз «Балқаш» су көзін көрсеттік, жаңа скважиналар - бұл бірінші кезең. Екінші кезең-тарату желілерін  жүргізу және су құбырымен қатар кәріз желілерін салу, өйткені таулы жерлерде септиктерді пайдаланатын жеке үйлер қауіпсіз емес», - деді Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин.