Тау-кен өндірісіндегі ең апатты оқиғалар

Тау-кен өндірісіндегі ең апатты оқиғалар
Сурет: 24tv.ua

Кенші мамандығы несімен қауіпті?

Назарларыңызға тарихта қалған ең қайғылы кен апаттарын ұсынамыз: 

Бэнсиху шахтасындағы апат 1942 жылы 26 сәуірде Хинкейко көмір шахтасында болды. Сол кезде 1549 адам қаза тапты. Бұл апат көмір өнеркәсібінің тарихындағы ең үлкен апат болып саналады.

Франциядағы Курьер көмір шахтасындағы апат 1906 жылы 10 наурызда болды. Апат 1099 адамның өмірін қиды, бұл Еуропадағы тау-кен саласындағы ең үлкен апат болды.

«Мицубиси Ходзе» көмір шахтасында 1914 жылы 15 желтоқсанда апат болды. Апат 687 адамның өліміне әкелді – бұл Жапония тарихындағы шахталардағы ең қорқынышты оқиға.

Қытайдың Лаобайдун көмір шахтасында1960 жылы 9 мамырда апат болып, 684 адам қаза тапты.

Жапонияда Мицуи Миике көмір шахтасында 1963 жылы 9 қарашада жарылыс болды. Апат салдарынан 458 кенші қаза тапты.

Сенгенидд шахтасындағы Юниверсал шахтасында 913 жылы 14 қазанда апат орын алды. Бұл ең қорқынышты трагедиялардың бірі болды, нәтижесінде 439 шахтер қаза тапты.

Коулбрук шахтасында апат 1960 жылы 21 қаңтарда болды. Бұл Оңтүстік Африканың тау-кен тарихындағы ең ауыр апат, салдарынан 435 адам қаза таптыю

Зимбабведегі Ванки шахтасындағы апат 1972 жылы 6 маусымда орын алып, 426 адамның өмірін қиды.

Оукс шахтасында 1866 жылы 12 желтоқсанда жарылыс болды. Бұл апат - Ұлыбританиядағы көмір шахтасындағы өлім-жітім бойынша екінші орында, қаза тапқандар саны 388 адамды құрады.

1975 жылы Үндістандағы Дханбад көмір шахтасында апат болды. Апат 375 кеншінің өліміне әкелді.

АҚШ-тағы Мононга көмір кенішіндегі апат 1907 жылы 6 желтоқсанда болды. АҚШ көмір өнеркәсібіндегі ең ауыр апат, одан 362 адам қайтыс болды.