Қазақстан құрамасы Үндістанды 16:0 есебімен ойсырата жеңді

Қазақстан құрамасы Үндістанды 16:0 есебімен ойсырата жеңді
Сурет: Sportx.kz

Шағын футболдан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Үндістанды 16:0 есебімен ұтты. 

Бұл қазақ спортшыларының Біріккен Араб әмірлігіндегі екінші жеңісі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алғашқы турда аяқ доп шеберлері Ганадан 7:0 есебімен басым түскен еді. Енді ел құрамасы А тобында сынға түседі. Қарсыласы - Біріккен Араб әмірлігі. Бір қызығы, бұл додаға тек әуесқой ойыншылар ғана қатыса алады.