Елімнің болашағына сенемін!

Елімнің болашағына сенемін!
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Дарынды жас, белгілі музыкант Рахат-Би Әбдісағин 20 қараша күнгі Президент сайлауына қатысып,  Ұлыбританиядағы ҚР елшілігінде өз таңдауын жасаған еді.

«Қазақстанда өткен сайлау елдің болашағына қатысты нақты көзқарасы мен жоспары бар көшбасшыны таңдаумен аяқталды. Бұл жолда қазақстандықтар өздерінің басымдықтарын танытып, алдағы жеті жылда Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге болуға дайын екендіктерін көрсетті. Мен де азаматтық борышымды орындадым. Өзге мемлекетте жүрсем де, Қазақстан Республикасы президентінің сайлауына қатысып, дауыс бердім. Өйткені, бұл күн - еліміздің тағдыры мен болашағын айқындайтын маңызды оқиға. Мен «халықтар байлығының шынайы өлшемі ретінде қаржылық капиталды көлеңкелендіретін интеллектуалды ноу-хауға» дауыс бердім.

Қазіргі таңда мен шығармашылық қызметіме байланысты Ұлыбританияда тұрып жатырмын. Өз таңдауымызды жасау үшін Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігіне, Лондон қаласына Рүстем Кенжебеков есімді жақын досым екеуміз бардық. Ол Лондонның аты аңызға айналған экономика мектебінде (LSE) магистратурада оқиды. Болашағынан мол үміт күттіретін тамаша экономист. Мен өз халқыма және өз елімнің жарқын болашағына сенемін!