Алматылықтарды коронавирус дерті төмендеген кезде екпе алуға және қайта вакциналануға шақырды

Алматылықтарды коронавирус дерті төмендеген кезде екпе алуға және қайта вакциналануға шақырды Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматының бас санитарлық дәрігері қала тұрғындарын екпе салдыруға, ревакцинация жасауға шақырды


Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде дерттің төмендеуі және эпидахуалдың тұрақтануы тыныштануға әлі себеп емес екенін атап өтті. Қалада инфекцияның берілу индексі 5-ші күн өсіп келеді, бұл бір науқастан жұқтырудың артқанын көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 
 


Ж. Бекшин "дельтаға" қарағанда жұқпалылығы жоғары "омикрон" штамының әкелінуі мен таралуын жоққа шығармайды.


Санитарлық-эпидемиологиялық ведомство басшысы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануы ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына байланысты екенін атап өтті.



«Екпелер дертті едәуір төмендетуге көмектесті. КВИ-мен жұқтырудың төмендеуі вакциналанған халықтың 45%-ына жетіп, «қызылдан» «сары» аймаққа өткеннен кейін басталды», - деді Ж. Бекшин.



Әрі қарай ұжымдық иммунитет 50%-ға жеткен кезде, ауру деңгейі төмендей бастады. Бүгінде Алматыда КВИ-ге қарсы ұжымдық иммунитет 57,3%-ды (вакциналанғандардың 49,2%-ы және ауырып жазылған адамдардың 8,1%-ы) құрайды.


Алматының бас санитарлық дәрігері қала тұрғындарын екпе салдыруға, ал алғашқы вакциналанудан өткендерге 6 немесе 9 айдан кейін ревакцинация жасауға шақырды.


Мегаполистің бас санитарлық дәрігері көбінесе инфекцияның қоздырғышы болып табылатын балалар мен жасөспірімдерді коронавирустан қорғау маңызды деп санайды. Ол сондай-ақ 60 жастан асқан адамдарға қауіп төндіретінін еске салды.


Атап өтерлігі, бүгінде дерт жұқтырған алматылықтардың 98%-ы (136 863 адам) - вакциналанбағандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31