Ташкенттен Алматыға бет алған ұшақтағы жеті жолаушы жарақат алды

Ташкенттен Алматыға бет алған ұшақтағы жеті жолаушы жарақат алды
сурет:aviav.ru

Әуе лайнері кенеттен қатты турбуленттілік аймаққа түсті.

Бүгін KC 128 рейсінің бортында қатты турбуленттілік болған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуекомпаниясы Ташкент-Алматы бағыты бойынша KC 128 рейсін орындаған. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 14.35-те ұшып кетті. Ұшу кезінде әуе лайнері кенеттен қатты турбуленттілік аймаққа түсті.

Алдын ала ақпарат бойынша, жеті жолаушы түрлі жарақаттар алған.

Әуе лайнері Алматыға 16.45-те қонды. Рейс экипажы жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Ұшқыштар болған оқиға жөнінде әуежай қызметіне хабарлаған. Әуежайда шұғыл медициналық көмек көрсету үшін "жедел жәрдем" көлігі жолаушыларды күтіп алды.