Танзанияда толассыз жауған жаңбырдан 37 бала қаза тапты

Танзанияда толассыз жауған жаңбырдан 37 бала қаза тапты
сурет:regnum.ru

Қаңтар мен 28 сәуір аралығындағы нөсер жаңбырдан кем дегенде 37 бала мерт болды.

Танзанияның тоғыз аймағында қаңтар мен 28 сәуір аралығындағы нөсер жаңбырдан кем дегенде 37 бала қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы сенбі күні Танзания полициясының өкілі Дэвид Мисиме мәлімдеді.

Д. Мисиме өз мәлімдемесінде ата-аналарды жаңбыр кезінде балаларын үйден шығармауға кеңес берді.

Сондай-ақ, ол тиісті органдарды су сақтайтын орындарға, құдықтарға белгі қоюға шақырды.

Танзания метеорологиялық қызметі елдің түрлі өңірлеріндегі толассыз жаңбыр су тасқынына әкелуі мүмкін екенін ескертті.