Танымал журналист Юлдаш Азаматов дүниеден озды

Танымал журналист Юлдаш Азаматов дүниеден озды
Сурет: Журанлисттің жеке мұрағатынан

Марқұм журналист әрі жазушы Юлдаш Азаматов 25 жылдан астам уақыт «Ұйғур Авази» газетінің бас редакторы қызметін атқарған.

5 тамыз күні танымал журналист әрі жазушы Юлдаш Азаматовтың дүниеден озғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Юлдаш Азаматов 1947 жылдың 8 маусымы күні Алматы облысы Жаркент қаласында дүниеге келген. Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Журналистика академиясының академигі болған.

«Жоғалған пышақ», «Ядикардың атасы», «Үміт» атты әңгімелер мен повестер жинағының авторы. 

"Alatay Aqparat"  ЖШС ұжымы Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Журналистика академиясының академигі Юлдаш Абдуқадырұлы Азаматовтың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.