Тағы бір балуанымыз Азия чемпионы атанды

Тағы бір балуанымыз Азия чемпионы атанды
Сурет: Ашық дереккөз

Еркін күрестен Болат Сақаев Азия чемпионы атанды

Қазақстандық Болат Сақаев (79 келі) еркін күрестен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық балуан финалда өзбекстандық Бекзод Абдурахмановпен шеберлік байқасты.

Нәтижесінде қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Ол финалға дейін жапониялық Яджуро Ямасаки, ирандық Амир Хосейн Кавусифардан басым түсті.

Еске салсақ, бұдан бұрын Санжар Досжанов өзбекстандық Зафарбек Атахуновты жеңіп, Азия чемпионы атағын жеңіп алды.

Сондай-ақ, Рахат Қалжан Азия чемпионатында қола алды.

Енді ел құрамасынан Бекзат Үркімбай (97 келі) 3-орын үшін сайысқа түседі.