Тағы 31 қазақстандық Киевтен жолға шықты

Тағы 31 қазақстандық Киевтен жолға шықты
Сурет: Inform.kz

Украинадағы Қазақстан Елшілігі 6-7 наурызда 31 адамның Киевтен қауіпсіз шығып кетуіне көмектесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Азаматтардың қалауы бойынша бір бөлігі Львовта қалады. Елге қайтқысы келетіндер Польшаның Катовице қаласына дейін жолға шығады. 

Айта кетейік, жалпы ҚР азаматтарын Украинадан эвакуациялау басталғаннан бері Қазақстанның шет елдердегі мекемелері 553 азаматтың шығуына көмек көрсетті. 

Осы күнге дейін Қазақстан азаматтары мінген үш репатриациялық рейс Катовице қаласынан елге ұшып келді.