Түркияда орман өрті қайта тұтанды

Түркияда орман өрті қайта тұтанды
Сурет: Russian.rt.com

Өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде

Түркияның оңтүстігіндегі Кемер аймағында орман өртке оранды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қала мэрі Нежати Топалоглудың айтуынша, желдің бағыты мен тік рельефтің болуы жұмысты қиындатып отырған көрінеді.

Өрт сөндіру операциясына 13 өрт сөндіру автокөлігі, 4 тікұшақ, 2 бульдозер, су атқыштар мен орман шаруашылығының жұмысшыларының едәуір бөлігі жұмылдырылды.