Сұлу әннің серісі

Сұлу  әннің серісі
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бүгін – ғұмыры әнге айналып кеткен Алаштың арда әншісі Сейіл Аяғанның туған күні.

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен 19 қазан күні марқұмның тұрған үйіне (Қарағанды қаласы, Республика даңғылы 1/3) мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Тақтаның ашылу салтанатына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов, белгілі әнші, өнертанушы Ерлан Төлеутай және басқа қоғам қайраткерлері қатысты.

Танымал әнші әрі композитор Сейіл Аяған биылғы жылдың қаңтар айында 52 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Сейіл Аяған Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қызылтау совхозында дүниеге келген. Оның "Жас қалам", "Таң самалы", "Бала махаббат", "Жіберілген хат", "Қандай сұлу дүние" және тағы да басқа хит әндері бар.