Судың ғажайып көрінісі. Алматыдағы субұрқақтар қалай жұмыс істейді?

Судың ғажайып көрінісі. Алматыдағы субұрқақтар қалай жұмыс істейді?
Суретті түсірген - Қ.Қоныспаев

Мегаполистегі 150 субұрқақ қаланың көркін кіргізіп тұр. Олардың барлығы 1 мамырдан 1 қазанға дейінгі аралықта сағат 8.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді. Олардың қазіргі жағдайы туралы Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Әбділдаев пен «Эко Алматы» ЖШС директоры Ақбота Мырзалиева айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алматыда мамандар субұрқақтардың жұмысын мұқият қадағалап, суды үнемі ауыстырып отырады. Мысалы, «Eco Almaty» ЖШС 64 коммуналдық субұрқаққа қызмет көрсетеді (Алмалы ауданы - 39 субұрқақ, Медеу ауданы – 21 субұрқақ, Әуезов ауданы – 2, Түрксіб ауданы -1 субұрқақ, Жетісу ауданы – 1 субұрқақ.
Субұрқақтар 1 мамыр – 1 қазан арасығында, сағат 8.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.
Қазір 5 субұрқаққа реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр:
•      «ҚР Мемлекеттік музейінің» субұрқағы
•      «Бақбақ»
•      «Аққу» декоративті бассейні
•      Әуезов атынағы «Қаздрамтеатр»
•      «Қызғалдақтар»
 
6 субұрқақ үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр:
•       «Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры»
•       «ҚР алаңы»
•       «Қалалық әкімдіктің батысы»
•       «Қалалық әкімдіктің шығысы»
•       «Цирк»
•      «Атакент»
 
«Eco Almaty» ЖШС қызметкерлері субұрқақтарға штаттық режимде сервистік қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізуде:

1. 01.05 - 25.10 аралығындағы маусымда күн сайын сағат 8:00-ден 23:00-ге дейін субұрқақтардың жұмыс істеуі тостағандарды тұрмыстық қоқыстардан тазарту, судың айна бетінің тазалығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіледі. 

2. Субұрқақтар қондырғыларына уақтылы монтаж бен демонтаж жүргізеді (тапсырыс беруші белгілеген кестеге сай).

3. Тапсырыс беруші бекіткен кестеге сәйкес субұрқақтардың электр жабдықтарына сервистік қызмет көрсету (оның ішінде суасты сорғыларын, су асты шамдарын, жарықшамдардағы шамдарды, контактілерді, кабельді, автоматтарды, қондырмаларды және басқа да электр жабдықтарын ауыстыру) тауарлардың сапасына жауапкершілік әлеуетті өнім берушіде қалады.
4.      Субұрқақтардың ағыны жақсы болуы керек (қысыммен), сондай-ақ жан-жағына шашырап тұруы керек. Жұмыс штаттық режимде жүзеге асырылуы тиіс. Кез келген ақау болған жағдайда, ол 3 күн ішінде жойылуы керек. 
5. Субұрқақтарды насоспен және су ағынымен автоматты режимде басқару үшін FBD, LD, Codesys арқылы басқару үшін PLC  бағдарламалау;

6. Субұрқақтардың тостағандарын лай мен кірден, сонымен бірге, жарықтандыру жабдығын арнайы материалдар мен құрал-жабдықтарды (арнайы дезинфекциялау құралымен жуу) қолдана отырып, (айына 1 рет) жуу.

7. Уақтылы сапалы жөндеу (гранитті, жабынды және қабықша плиталарын ауыстыру, тас төсеуіштерді қалпына келтіру, субұрқақтар тостағандарын және сол үй-жайларды гидрооқшаулау және т.б.), электр қозғалтқыштары мен орталықтан тепкіш сорғыларға қызмет көрсету және қайта орау, сондай-ақ субұрқақтар элементтерін (металл құбырлар, жарықтандыру және жарықтандыру тіректері және т. б.) бояу. 

8. Қалалық полигонға қоқыстарды, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, сондай-ақ қыс мезгілінде парапеттерден, субұрқақтар тостағандарынан және іргелес аумақтан (субұрқақтың периметрі бойынша 1 м дейін) қар мен мұзды келесі тәсілдермен тазалау:
- қар жауғаннан кейін субұрқақ ыдысының ішіндегі қар жалаң қолмен жасау;
- қарды жүк тиеу механизмдерінің көмегімен және қолмен самосвалдарға тиеу, содан кейін оны 48 сағат ішінде әкету.

9. Субұрқақ қондырғылары жабдықтарының және декоративті жарықтандыру жабдықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
10. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау нормаларына сәйкес, құралдарды қолдана отырып, суды дезинфекциялау.
11.  Барлық субұрқақтарға «Суға түсуге болмайды» деген жазуы бар  тақтайша орнату.
12.  Электр кабельдерін тексеру және ақауларды жою.
13. Субұрқақтардың жұмысын  Тапсырыс беруші бекіткен жұмыс кестесіне сондай ақ басқа да ҮЕҰ олардың жұмыс істеуі бөлігінде қатаң сәйкес келетіндей қамтамасыз ету 
14. Субұрқақ қондырғыларын уақтылы тексеру және жөндеу;
15.  Қолданылатын материалдар мен құралдар ГОСТ пен стандаттарға сәйкес болуы керек
16.  Өндірістік базаның (меншікті және/немесе жалға берілетін)болуын растау;
  
Субұрқақтарды жөндеу, тазалау және бояу алдын ала, яғни күнтізбелік көктем келгенге дейін басталды.
 
Субұрқақтарда күн сайын бригадир мен субұрқақты ұстау жөніндегі маман кезекшілік етеді (9 бригадир жұмылдырылған, онда әр бригадада 6-7 адамнан).
Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, уақтылы санитарлық тазалау және жинау жұмыстары жүргізіледі. Күнделікті қолданыстағы техника: 1 шағын жүк көлігі, 1 Камаз, 2 жеңіл автомобиль, 1 кран манипулятор, 1 су тасушы көлік (10 м).
Айына бір рет субұрқақтар сүзгілерді, жабдықты және шұңғылшаларды тазарту үшін өшіріледі. Жуу үшін жоғары қысымды машина қолданылады, сонымен қатар синтетикалық жуғыш заттар концентрацияланған дезинфекциялық ұнтақ 45% хлор мен мыс сульфаты қолданылады (3 күнде бір рет).
Әр субұрқақта оған шомылуға тыйым салынғаны туралы ескерту белгілері бар.