Су тасқыны басталғалы бері апатты аймақтардан 72 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Су тасқыны басталғалы бері апатты аймақтардан 72 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Сурет: интернеттен

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сондай-ақ уақытша орналасу пунктеріне 14 368 адам, оның ішінде 7 255 бала орналастырылды.

Төтенше жағдайлар, Қорғаныс мининистрлігі және Ұлттық ұланның әуе кемелері құтқару жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

"7,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 952 мыңнан астам қапшық және 976 мыңнан астам тонна инертті материал төселді. Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарында 12 445 адам, 1300-ге жуық техника, 7 әуе кемелері жұмылдырылды. Осы сағатта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында 3686 жеке тұрғын үй, 557 аула аумағы және 1822 саяжай үйлері су астында қалуда", делінген құзырлы ведомство хабарламасында.

Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс-Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары республикалық жедел штабтың бақылауына алынған.