Су тапшылығына байланысты Каспий теңізінің суы тұщыландырыла бастады

Су тапшылығына байланысты Каспий теңізінің суы тұщыландырыла бастады
Сурет: Islam.kz

Бұл істі Әзірбайжан қолға алып, кірісіп кеткен.

Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің су ресурстары жөніндегі мемлекеттік агенттігінің жетекшісі Зәуір Микаилдің парламент қабырғасындағы қоғамдық тыңдаудағы мәлімдемесіне жөн сілтеген Trend.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аталмыш агенттік басшысының айтуынша, тұщыландырылған Каспи суы өнеркәсіп пен сәндік көгалдандыру салаларында пайдаланады. Осыдан он күн бұрын басталған су тұщыландыру процесіне 14 шетелдік компания тартылған. Осы орайда Әзірбайжандағы жер үстіндегі су қоры климат дағдарысына байланысты қатты азайып кеткенін айта кетпекпіз: 2022 жылдың мәліметі бойынша 30 млрд текше метрден 17 млрд текше метрег дейін кеміп кеткен. Таяуда Ресей Федерациясы да жауын суын ауылшаруашылығына пайдалану жолдарын қарастыра бастаған болатын.