Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы қатарынан бес кездесуде жеңіске жетті

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы қатарынан бес кездесуде жеңіске жетті
Сурет: Inform.kz

Осылайша қазақстандық спортшылар 15 ұпаймен Азия чемпионы атанды.

Қазақстандық спортшылар қатарынан бес кездесуде жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

Нәтижесінде олар Сингапурды 12:7, 13:2, Таиландты 16:10, 13:8 есебімен жеңді. Сондай-ақ олар Өзбекстанды 11:9 есебімен жеңсе, тағы бір кездесуді бүгін, 27 наурызда, өткізуі керек еді. Алайда қазақстандық спортшылар 15 ұпай жинап, бас жүлде тағдырын бұрын шешіп қойды.