Су басқан аумақтардағы жағдайды онлайн түрде көруге болады

Су басқан аумақтардағы жағдайды онлайн түрде көруге болады
Сурет: Astanatv.kz

Кез келген адам үлкен су келіп қалуы мүмкін деген Орал мен Атырауда не болып жатқанын онлайн режимде көруге болады.

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Кез келген азамат мына сілтеме бойынша өтіп, су басқан аумақтардағы жағдайды онлайн түрде көре алады. Онлайн түрде Орал және Атырау қалаларындағы су тасқынына дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды және жергілікті жердегі жағдайды тексеру бойынша жұмыстарды да көру мүмкіндігі бар", -делінген жазбада.