Қор нарығында доллар тағы да қымбаттады

Қор нарығында доллар тағы да қымбаттады
Сурет: Almaty.tv

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 477, 89 теңге.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,66 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 477, 89 теңге.

Ұлттық банктің 12 қазандағы ресми бағамы: 1 долларға - 474, 95 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 477 теңге, сатып алу – 480 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы 475,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 479,5 теңге.

Ресей рублі 6,9 - 7, 25 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 12 қазан күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,44 теңге.