Қазақстан аумағында тағы да жер сілкінді

Қазақстан аумағында тағы да жер сілкінді
Сурет: Aa.com.tr

Жерасты дүмпуі 20 және 50 километр тереңдікте болған.

ҚР ТЖМ қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 5 шілде күні Алматы уақытымен 8 сағат 20 минутта және 11 сағат 08 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 771 км қашықтықта, Қазақстан аумағында және оңтүстік-батысқа қарай 586 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,1 және 10,4, магнитудасы – 4,6 және 4,7. Жерасты дүмпуі 20 және 50 километр тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.