Қазақстаннан мұнай өнімдерін әкетуге жаңа шектеу енгізіледі

Қазақстаннан мұнай өнімдерін әкетуге жаңа шектеу енгізіледі
Сурет: Maestria.ru

Шектеу мерзімі алты айға созылады. 

Қазақстан Үкіметі «қара алтын» өнімдерін әкетуге жаңа шектеу енгізуді көздеп отыр. Бұл туралы Энергетика министрінің тиісті бұйрығында жазылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында, сондай-ақ жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларын қоспағанда жағармайды, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - делінген құжат мәтінінде.