Іле өзені арқылы Балқашқа 2,3 текше шақырым су түсті

Іле өзені арқылы Балқашқа 2,3 текше шақырым су түсті
Сурет: Egemen.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі қазір су қоймаларында жиналған тасқын суын ұтымды пайдалану бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

Іле трансшекаралық өзенінің ағыны Алматы облысының Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне шамамен 2,3 текше шақырым көлемінде экологиялық мақсатта су жіберуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz сала министрлінің ақпаратына сүйеніп.

Жалпы, тасқын суы барлық су қоймаларын толтыруға, тіпті құрғақ аймақтарда да су жинауға мүмкіндік берді, Бұл ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және ауыз су үшін маңызды. Сондай-ақ, Атырау облысына келген тасқын суы Каспий теңізіне жіберілетінін, ол үшін қазір қосымша канал қазылып жатқанын қоса кету керек.