Алматы облыстық полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Алматы облыстық полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Сурет: News.myseldon.com

Бұл қызметке Арыстанғали Заппаров келді.

Арыстанғали Заппаров Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz cілтеме жасап.

«Қазіргі жағдайды ескере отырып, кадр әлеуетін нығайту, қылмыспен күресуді күшейту, азаматтардың қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету үшін Президент әкімшілігімен келісе отырып, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Заппаров Арыстанғали Расылханұлы Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Ол бұған дейін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған», - делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.