Бала күтіміне қатысты төлем мерзімі ұзартылатын болды

Бала күтіміне қатысты төлем мерзімі ұзартылатын болды
Сурет: Ult.kz

Қазақстанда бала күтіміне қатысты төлем 1,5 жасқа дейін созылатын болды.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдан бастап бала күтіміне қатысты төлем мерзімін 1,5 жасқа дейін ұзартуды тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Баланың күтіміне байланысты төлемнің мерзімін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір жарым жасқа дейін арттырамыз. Ата-аналар ең маңызды сәби кезеңінде балаларымен ұзағырақ болады», - деді Мемлекет басшысы Жолдауды жариялау кезінде.

Президентің айтуынша, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысып отырғандар үшін жұмысынан айырылу бойынша төлемдер орташа айлық табыстың 45 пайызына дейін өседі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығуы 61 жас деңгейінде бекітілетінін айтты.