«Study in Kazakhstan»

«Study in Kazakhstan»
Сурет: Gareerily.com

Осындай атаумен алдағы 5 жылда  деген бренд пайда болады.

Қазірдің өзінде Қазақстан әлемдік хаб ретінде қалыптасып келеді. Былтыр елде 4 шетелдік жоғары оқу орнының филалы ашылса, биыл олардың қатары тағы 6 университетпен толығады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Ведомство басшысы «халықаралық форумға келген серіктестер арқылы жоғары білім кеңістігін ашу, кеңейту жайын қарастырамыз», - дейді.

«Қандай жаңа бастамалар бар Қазақстанда? Қандай жаңа серіктестіктер бар? Microsoft, Apple, Google, Coursera тәрізді үлкен компаниялармен қазір біз жаңа оқу, жаңа біліктілікті арттыру мүмкіндіктерін ашып жатырмыз. Кеше ғана «CNN» академиясы өкілдерімен кездестік. Бұл БАҚ өкілдеріне арналған. Бұйыртса, біздің серіктестіктің негізінде «CNN» секілді мықты компанияларда біліктілігін арттыра алады», - дейді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.